428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Абайдың ерекше суреті салынды

  • 109
  • UPD: 15:09, 09.10.2020

Алматыда ерекше тәсілде салынған ұлы Абайдың суреті көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның авторы - танымал суретші Джохар Юнусов. Ол данышпан тұлғаны асфальтқа кәдімгі сумен салған. Ол үшін алдымен ақынның бет-пішінін бормен сызып, кейін 18 литр көлемінде су қолданған. Нәтижесінде ені 10, ал ұзындығы 18 метр болатын ұлы Абайдың үлкен портреті пайда болды. Суретші бұл тың идеясын іске асыру үшін бір жылдай дайындалыпты.
Бұл жолғы туындысын тарихи тұлғаның 175 жылдығына арнап отыр. Ол болашақта грек-рим күресінің палуаны, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің суретін салмақ ойы бар.

Хабар 24 телеарнасы