387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда беймезгіл уақытта тентіреген 600-ден астам жеткіншек анықталды

  • 608
  • UPD: 00:00, 31.01.2017
Таразда беймезгіл уақытта тентіреген 600-ден астам жеткіншек анықталды

Таразда беймезгіл уақытта көше кезіп, ойынханаларды торауылдайтын жасөспірімдер көбейген.

Үш күндік тексеріс кезінде осындай 600-ден астам кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек анықталды. Оның 300-ге жуығы әкімшілік құқық бұзса, қалғаны ересектердің қарауынсыз түнде тентіреп жүріп ұсталған. Тағы ішімдік ішкен 12 жеткіншек тіркелді. Сонымен қатар, 400-дей ересек адам әкімшілік жауапқа тартылды. Оларың 44-і ата-аналық міндетін дұрыс атқармаған, 20-сы балаларын ойын-сауық орталықтарына түнгі уақытта жіберген. Сондай-ақ, жауапқа бірқатар түнгі клуб иелері де тартылды.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Хабар 24 телеарнасы