388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда Ж.Жақияновтың былғары қолғабы 600 мың теңгеге саудаланды

  • 559
  • UPD: 20:33, 20.05.2017

Петропавлда қайырымдылық балы ұйымдастырылып, 3 миллионнан астам қаражат жиналды.

Бұл ақша науқас балалардың еміне жұмсалады. Қазақстан халқы Ассамблеясы шараны екінші жыл қатарынан ұйымдастырып отыр. Балға 200-дей адам қатысты. Концерттік бағдарламада 30 жұп би билеп, көпшіліктің көңілін көтерді. Қалталы азаматтар бәссауда арқылы бағалы бұйымдарды сатып алды. Олардың арасындағы ең қымбаты – бокстан әлем чемпионы Жанат Жақияновтың былғары қолғабы 600 мың теңгеге саудаланды.

Әсемгүл Есқожа, қайырымдылық балын ұйымдастырушы:

– Бүгінгі жиналған қаржы 3 баланың емделуіне жұмсалады. Бұл – Илья Пугач, Иван Зологин және Диана Бейсембаева. Қайырымдылық балды өткізу біздің қаламыздың жақсы бір мерейлі дәстүріне айналды. Емделуіне жиналған қаражат жеткілікті болады деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы