389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Белгілі брендтің қатысуымен қайырымдылық аукционы өтті

  • 609
  • UPD: 23:23, 24.05.2017

Елімізде 1200 бала Даун синдромына шалдыққан. Олардың 300-ден астамы елордада тұрады.

Бұл туралы «Асыл бала» республикалық ассоциациясының құрылтайшысы Гүлнәр Құнанбаева айтты. Бүгін аталмыш ұйым белгілі итальяндық брендтердің бірімен қайырымдылық кеш өткізді. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңына орайластырылған бәссаудаға алтыннан және гауһартастан жасалған әшекей-бұйымдар қойылды. Сатылымнан түскен қаражат ой-өрісі тежелген балалардың еміне жұмсалады. Бұл бастаманы қолдап, қайырымдылық кешке Парламент Сенаты комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева мен еліміздің бас балалар омбудсмені Зағипа Балиева қатысты. 

Джорджо Дамиани, Damiani S.P.A президенті: 

- Бұл жоба біздің компаниямыз үшін маңызды. Біз Қазақстандағы «Асыл бала» қайырымдылық ұйымымен әріптестік орнатқанымызға қуаныштымыз. Бәссаудаға ұйымның атауы жазылған арнайы білезіктерді қойдық. Ассоциация қаржыны Даун синдромы және сал ауруына шалдыққан балалардың еміне жаратады. Менің ойымша, бұл шара әлде де жалғасын табады.

Хабар 24 телеарнасы