386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада өткен «Сәлем, жаз!» концерті келушілер көңілінен шықты

  • 467
  • UPD: 15:23, 01.06.2017

Сәлем, жаз! Бүгін елордалық Оқушылар сарайында осындай атаумен мерекелік концерт өтті.

Сахна төрінде «Бал бала» байқауының жеңімпаздары мен қаламыздың жас дарындары өнер көрсетті. Кейін  алаңда Startime флэшмобы ұйымдастырылды. Барлық келушілер спорттық және зияткерлік ойындарға қатысып, бағын сынады. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мереке ұйымдастырушылары тегін балмұздақ таратып бүлдіршіндердің көңіл күйін көтерді. 

Нұрайым Өскенбай, қала тұрғыны: 

- Маған концерт қатты ұнады. Көңіл-күйім жақсы. Бүгін мен өте керемет болып жүрмін.  

Алтынай Бірмағамбетова, қала тұрғыны: 

- Мен балаларға зор денсаулық тілеймін. Ата-аналарын тыңдасын. Сабақтарын беске оқысын. Ата-аналар балаларын осылай алып көп қыдырсын.

Хабар 24 телеарнасы