389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М.Әшімбаев: Елбасының ядролық қарудан бас тартқан елдерді қолдау туралы ұсынысы орынды

  • 637
  • UPD: 22:21, 28.01.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында жасаған  ұсыныстары - әлемдік қауымдастықтың жоғары бағасына ие болды.

Бүгінде жаппай қырып жоятын қаруды таратпау мәселесі кеңінен қолдау тауып отыр. Президент зұлмат қарудан бас тартып, қалың көпшілікті ядролық әлеуетті тек бейбіт мақсатта пайдалануға шақырды. Ядролық державаларға түсіністік жетіспейді. Тек өзара келісім ғана, оң нәтиже береді. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпау бағытында бірқатар ұсынысты ортаға салды. Қазақстанның Солтүстік Корея мәселесіне қатысты келіссөздер өткізу үшін алаң ұсынуға дайын екендігін жеткізді. Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Елбасының бастамасы жүзеге асса жаһандық және өңірлік деңгейдің қауіпсіздігі артады. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзінде бірнеше ұсынысты енгізді. Оның ішінде санкцияларға қатысты, ядролық қарудан бас тартқан елдерді қолдау жөнінде ұсыныстар бар. Елбасының ұсыныстары көп мәселені шешуге жол ашатыны сөзсіз. Сондықтан Елбасының ұсыныстары жүйелі, орынды және де қазіргі заманның талаптарына сай.

Хабар 24 телеарнасы