387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде активтерді қайтару бойынша өңірлік желі құрылады

  • 400
  • UPD: 14:46, 24.04.2018

Оның құрамына қазақ елімен қатар Ауғанстан, Иран, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанның құқық қорғау органдары кіреді.

Бұл желі Еуропа тәжірибесі негізінде ұйымдастырылады. Жаңа жүйе арқылы шетелге активтерін шығарған азаматтар анықталып, қаржыны қайтару ісі біршама жеңілдейді. Өйткені өңірлік желіге мүше елдің мамандары әрдайым тығыз байланыста болып, қажетті мәліметтермен бөліседі. Бүгін отандық құқық қорғау органдары академиясының алаңында аталған мемлекеттердің сарапшылары бас қосып, өзара пікір алмасты. Тараптар жауапты тұлғаларын бекітіп, жүйені енгізудің тетіктерін талқылады.

Айта кетейік, былтыр Қазақстанда жаһандық қауіп-қатермен күресетін өңірлік хаб құрылды. Жақында бұл хабтың веб-сайты ашылады. Мұнда қаржы саласында өрескел заң бұзғандармен күресу жайында ақпарат жинақталады.

Рахматолла Балашов, Құқық қорғау органдары академиясының аға прокуроры:

- Бұл жүйе осы мемлекеттер арасында бірлесіп құқық қорғау органдарының жұмыстарының қызметін жеңілдетеді. Олар осы жүйе арқылы активтерді қайтару бойынша көмектеседі.

Джереми Милсон, БҰҰ есірткі және қылмыс басқармасының үйлестірушісі:

- Алдағы екі күн ішінде біз барлық қатысушыларға ұрланған активтерді тәркілеу тәсілдерін үйретеміз. Ведомстволар арасында тығыз байланыс орнату үшін бізге әр елдің білікті мамандары қажет. Қазақстан біздің – басты әріптесіміздің бірі. Сол себепті водомствоаралық желі құруға да өз үлесін қосады деген сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы