380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сұм соғыста хабарсыз кеткен көкшетаулық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді

  • 393
  • UPD: 20:43, 09.05.2018

1942 жылдың ақпан айында сұм соғыста хабарсыз кеткен ақмолалық майдангер

Әбілқасым Жаманбаевтың мүрдесі мен медальдары Көкшетауға әкелінді. 76 жыл бұрын із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған қазақ жауынгері 1941 жылдың шілде айында бұрынғы Көкшетау облысы Рузаев аудандық әскери комиссариатынан әскерге аттанған. Марқұмды ресейлік іздестіру тобы Ленинград маңынан тауып, аты-жөнін заттарына қарап анықтаған. Ал жақында тағы бір із-түзсіз кеткен ақмолалық майдангер Кенжебек Болтаевтың да мүрдесі сол Ресей жерінен табылды. Қазір жауынгердің сүйегін Қазақстанға жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр. Облыс орталығында өткен мерекелік шарада аймақ тұрғындары соғыстан оралмаған жерлестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қанат Жаманбаев, ардагер Ә.Жаманбаевтің немересі:

- Жүрегім, шынын айтсам, жүрегім қатты нетіп, екі күн өз орнымды таба алмадым. Сол үлкен рахмет! Мен көрген жоқпын. Мен немересі болам сол кісінің. Әкем айтатын: атаң мықты адам болды, тиянақты адам болды. Осында Көкшетауда жерлейміз. Немерелері, шөберелері – бәрі осында.

Хабарсыз кеткен 2 мыңнан астам ақмолалықтар бар әлі таба алмай жүргендер, алаңдап жүргендер. Күдерін үзіп, олардың балалары қайтып кетті. Соғыстан әкелері көре алмай қайтып кетті. Енді немере, шөберелері соны тосып отыр.

Хабар 24 телеарнасы