374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы «Жас сарбаз» патриоттық клубына 100 бала қабылданды

  • 239
  • UPD: 08:04, 10.07.2018

Еліміздегі әскери қызметкерлердің балалары жазғы демалыстарын екінші жыл қатарынан Алматыда өткізіп жатыр.

Бүгін «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубы жұмысын бастады. Алғашқы демалыс кезеңіне республика бойынша 100 бала қабылданды. Барлығы әскери қызметшілердің балалары. Олар 10 күн бойы  Алматының әсем жерлерін аралап, спорттық шараларға қатысып, танымал спортшылармен кездеседі. Ал екінші кезең шілденің соңғы онкүндігінде өтеді.

Нұрзат Аманбек:
- Мен Құлан ауылынан келдім. Осы клубқа анам арқылы жазылдым. Бассейнге түсеміз, ойнаймыз.

Расул Мейірманов, ҚР ҚК спорт комитетінің төрағасы:
- Бұл жиынның мақсаты – біздің әскери қызметшілердің балаларының жазғы демалыстарын жақсы көңіл-күймен өткізу және спортқа баулу. Отар, Үшарал, Аягөз, Ақтау, алыстағы горнизондардан балаларын жинап, осындай жиын өткізудеміз.

Осы категория бойынша: « БҚО-да жастарға арналған коворкинг орталығы жұмысын бастады Заңсыз жүрген 200-ге жуық шетелдік Қазақстаннан қуылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы