374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстіккореялық мамандар сал ауруына шалдыққан балалармен қалай жұмыс істеу керектігін көрсетті

  • 303
  • UPD: 08:45, 29.07.2018

Өскеменге Кореядан реабилитолог профессорлар келді.

Олар Ана мен бала орталығында сал ауруына шалдыққан балалармен қалай жұмыс істеу керектігін іс жүзінде көрсетті. Шетелдік дәрігерлердің тәжірибесін меңгерген өскемендік дәрігерлер енді балаларды оңалту бөлімін ашуды жоспарлап отыр.

Екі табанын теңдей баса алмайтын Сәуле бірнеше күннен бері корей мамандарының жіті назарында. Мінеки, бірнеше сеанс өтпей-ақ жеткіншек қыздың жүрісі көпкөрім түзеліп қалды.

Реаблитологтар тек дәрігерлерге ғана емес, ата-аналармен де бағалы кеңестерімен бөлісті. Дастан Қарағожин енді үй жағдайында кішкене қызыма ең тиімді жаттығу түрлерін жасауды үйренгенін айтады.

Дархан Қарағожин, ата-ана:

- Біз 4,5 жасқа дейін аунай алмайтын едік, корей мамандары осы баланы жарты сағат ішінде аунатқызды.Осындай мамандар Өскеменде болса жақсы болушы еді.

Қазақстанға осымен үшінші рет келіп отырған Ким Сан Су екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға ниетті. Қасындағы әріптестерімен бірге күн сайын 20-30 баланы қабылдап, кеңес беруде.

Ким Сан Су, профессор (Корея):

- Өскеменде де оңалту жұмыстары жақсы жүріп жатыр. Дегенмен біз қашан да көмектесуге әзірміз. Ал ата-аналарға барынша мықты, барынша төзімді болуға кеңес беремін. Сал ауруы үздіксіз жаттығуларды талап етеді. Қолды бір сілтеп салғыртсуға болмайды.

4 күндік сапармен келген бұл профессорлар тобы жарты жылдан соң Өскеменге қайта оралады. Ондағы мақсат – бүгінгі жұмыстарының нәтижесін бағалау. Айта кету керек, Өскеменде бүгінгі күні церебральді сал ауруна шалдыққан 900 бала тіркеуде тұр.

Ермек Омарбеков, ШҚО «Ана мен бала орталығының» директоры:

- Бірінші сеанстан соң балаларының бойындағы өзгерісті көрген ата-аналардың қуаныштан жылап жібергендері де болды. Сондықтан бұл шеберлік сағатының біз үшін де, ата аналар үшін де берері көп, тіпті осыған қарап біздің орталықта балаларды оңалту бөлімін ашу туралы ой туындады.

Күзде Ана мен бала орталығы тағы да бір топ шетелдік профессорларды күтіп отыр. Ол кезде екі тарап акушерлік және гинекологиялық бағыт бойынша шеберлік алмасады.

Авторлары: Э.Ахметова, Д.Пыхтин

Осы категория бойынша: « Алматы облысында 12 мың адам цифрлық сауаттылықты арттыру курсынан өтеді Жамбыл облысында 8 инвестициялық жоба іске асырылуда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы