374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысындағы алапат өрт ауыздықталды

  • 144
  • UPD: 07:33, 10.08.2018

Жамбыл облысы аумағында таулы аймақтағы өрттің тұтанғанына алтыншы күн.

Қызыл жалынмен күресуге Алматыдан тікұшақ та тартылып, әуеден 24 тонна су себілген. Өртті сөндіру жұмыстарына жалпы 177 адам мен 25 арнайы техника жұмылдырылды. Көліктердің таулы аймаққа шыға алмауынан мамандар жаяу жүріп, отты жалаң қолдарымен сөндірді. Еске салсақ, 5 тамыз күні Жамбыл облысының Ақыртас ауылдық округінің Қырғыз республикасымен шекаралас жердегі таулы аумағында өрт шықты. Оған құрғақ шөптің тұтануы себеп болған. Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын 200 гектар жерді шарпыған. Қазір тау шатқалы күндіз түні бақылауға алынып, жағдай біршама тұрақталды.

Мақсат Әкімбаев, облыстық ТЖД басқармасының басшысы:

-Қазіргі кезде әр жерден осы тұтану ошақтары анықталуда. Осы тұтану ошақтарын осы тікұшақпен адамдарды тез таулы аймаққа жеткізу арқылы соларды өшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, ешқандай таралу жоқ соған байланысты таулы аймақта қазіргі кезде 47 адам мен 4 дана техника жұмылдырылып, қарауылдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Осы категория бойынша: « Астанада тамыз айының барлық демалыс күндері мектеп жәрмеңкесі өткізіледі Электронды еңбек биржасына жұмысқа орналастырудың топтық жүйесі енгізіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы