365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында егін орағынан оңтүстік аудандар көш бастап келеді

  • 134
  • UPD: 21:49, 14.09.2018

Ақмола облысында егін орағынан өңірдің оңтүстік аудандары көш бастап келеді.

Мәселен, Жарқайың ауданы қазір егістік алқаптарының 45, Есіл – 32, ал Жақсы ауданы 26%-ын алған.

Айта кеткен жөн, биыл өңір диқандары 4,5 млн гектардан астам жерге дән сіңірген болатын.

Дамир Берікұлы, damir130788@twitter.com:

- Біз қазір Есіл ауданындағы серіктестіктердің біріндеміз. Мұнда қазір 30 комбайн осыдан бір апта бұрын егін орағына кіріскен. Олардың әрқайсысы осы егістік науқаны аяқталғанша 1 мың гектардан егін оруы тиіс. Сондықтан олар қазір ауа райының сәтті кезін пайдаланып, күндіз-түні егістік басында жүр.

Ал жалпы егін орағына 50-ден астам адам жұмылдырылған. Несібесін жерден айырып жүрген шаруалар «биыл егіннің өнімділігі былтырғыдан сәл төмендеу» дейді. Себебі көктемгі және жазғы жаңбырлар өз әсерін тигізген. Дегенмен, сапасы жақсы. Енді бәрі тек күн райына байнысты.

Абай Жорабек, серіктестік агрономы:

 -Қазіргі уақытта орташа есеппен алғанда гектарына 15 центнерден алып отырмыз. Менің ойымша, енді 20-ға жеткіземіз деген ойымыз бар. Ойлаймын, енді ауа райы бәрі қарасып, егер де жаңбыр болмай, уақытында орып алатын болсақ, 20-ның жобасы болып қалады деп ойлаймын.

Бұл серіктестік алдағы уақытта егіннің шығымын арттырып, шығындарын азайтуға сеп болатын цифрлы технологияларды қолға алмақшы. Ал бұл іспен келешекте Астанадағы агротехникалық университеттің 4-курс студенті, осы ауылдың тумасы Антон Милюк айналысады. Қазір ол осы шаруашылықта тәжірибеден өтіп жүр.

Антон Милюк, студент:

Мұнда әрбір алқаптың электронды нұсқасын жасауға болады. Комбайндарға да цифрлы қондырғылар орнатып, осы арқылы басшылық қанша гектар жер орылғанын қашықтықтан көре алады. Тіпті астық таситын көліктер егістік басынан қанша астық әкеткенін де бақылап отыруға болады. Мен осының бәрін келесі жылы оқу бітірген соң қолданысқа енгіземін.

Айта кеткен жөн, қазір аймақта егін орағы қызу жүріп жатыр. Бүгінге дейін облыс бойынша 1 млн гектардан астам алқаптың астығы жинап алынды. Әлі орылмаған 3 млн гектар жер бар.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Осы категория бойынша: « Павлодарда жылу трассасының ортасына қысылып қалған марал құтқарылды Елімізде күзгі әскерге шақырту басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы