360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Союз МС-10»: ақау ма, апат па?

  • 126
  • UPD: 21:05, 11.10.2018

Әлде ақау, әлде апат. Байқоңырдан көкке көтерілген «Союз МС-10» зымыран тасығышы апатқа ұшырады.

Оның қалдықтары Балқаш қаласына жақын маңға құлаған. Ғарыш кемесінің бортында халықаралық ғарыш станциясының 57/58 миссиясының екі мүшесі болған. Олар аман.

Айлаққа әдеттегідей адам көп жиналды. Олар бұл жолы да тарихи сәттің куәсі болудан үмітті. Алайд, оқиға біз күткендегіден бөлек басқаша сипатта өрбіді. Сонымен, рет-ретімен тарқатсақ. Апатқа ұшыраған «Союз МС-10» бортында ресейлік ғарышкер 47 жастағы Алексей Овчинин мен 43 жастағы американ астронавты Ник Хейг болған. Олар жергілікті уақыт бойынша 14 сағат 40 минут 15 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин старт алаңынан орбитаға басқарылатын көліктік «Союз МС-10» кемесін алып шығуы тиіс «Союз ФГ» зымыран тасығышымен ұшырылды.

Сергей Лазарев, «Ғарыштық инфрақұрылым» жердегі нысандарды пайдалану орталығы директорының орынбасары:

- Бәрі келісілген штаттық режимде өтеді деген сенімдеміз. Зымыран орбитаға көтерілгесін бірнеше айналым жасап, халықаралық ғарыш станциясымен түйіседі. Ғарышкерлер әріптестерімен кездеседі деп күтілуде.

Алайда сапар сәтсіз аяқталды. Старт берілген соң бірнеше минуттан кейін Роскосмос сайтындағы тікелей трансляция үзіліп, комментатор зымыран тасығыштың апатқа ұшырағанын хабарлады. Мына кадрларға қарап-ақ жағдайды бағамдай беруге болады.

Юрий Борисов, РФ Үкіметі төрағасының қорғаныс-өнеркәсіп кешені жөніндегі орынбасары: 

- Ұшырудың 123-секундында апаттан қорғану жүйесі іске қосылды. Штаттық режимде қосылу арқасында парашют дер кезінде ашылды. Капсула зымыран тасығыштан ажырап, экипаж мүшелері жерге сәтті қонды. Алдын ала болжамдарға сүйенсек, ақаулар бөлінудің бірінші және екінші сатысында туындаған. Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия хабарлайтын болады. Мұндай апатты жағдайда ең алдымен адам қауіпсіздігі мақсатында ұшу тоқтатылады.

Қамбар Бекенов, тілші:

- Осылайша зымыран тасығыш апатқа ұшырап, борттағылардың үміті ақталмады. Бастысы олар аман. Қазір осы оқиғадан кейін Байқоңырда арнайы комиссияның отырысы өтті деген ақпар бар. Сондай-ақ Роскосмос өкілдері де шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Қорытындылары кейінірек белгілі болады.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев

Хабар 24 телеарнасы