383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан бойынша 6,64 млн адамның атына сақтандыру жарнасы аударылған

  • 402
Қазақстан бойынша 6,64 млн адамның атына сақтандыру жарнасы аударылған

Бүгінгі күнге дейін еліміз бойынша 6,64 миллион адамның атына сақтандыру жарнасы аударылған.

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова мәлімдеді.

«Қаңтар айының басындағы мәліметтерге сүйенсек, қорға түскен жарналар мен аударым мөлшері 133 млрд теңгеге жетті. Алдын ала жасалған болжамдарда 127 млрд теңге түседі делінген болатын. Жалпы Қазақстан бойынша 6,64 млн адамның атына аударым жасалған. Оның 11 пайызы немесе 723,5 мың адам – жеке кәсіпкерлер», – деді Ботагөз Жақселекова.

Айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толыққанды іске қосылғанға дейін бұл сома 240 млрд теңгеге жуықтауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы