378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алаяқтықпен айналысқан батысқазақстандық кәсіпкер 5 жылға сотталды

  • 217
Алаяқтықпен айналысқан батысқазақстандық кәсіпкер 5 жылға сотталды Pavlodarnews.kz

Батыс Қазақстан облысында ескі жабдықты жаңа деп, елді алдаған кәсіпкер 5 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ ол соттың шешімі бойынша 199 миллион 500 мың теңгені мемлекетке қайтаруы тиіс. «Квант Семей» серіктестігінің директоры Бейсембаев дәл осынша сомаға осыдан 4 жыл бұрын облыстық онкологиялық диспансерге көпжапырақты коллиматор жеткізіпті. Аталған бөлшек сәулелі терапия қондырғысына орнатылып, сырқаттардың сау дене мүшелерін зақымдамай, ауру жерін ғана емдеуі тиіс екен. Содан бері коллиматор өз қызметін мінсіз атқарғанымен, былтыр аудит кезінде аталған жабдықтың құжаттары жалған екені әшкереленді. Тиісті тергеу жұмыстары анықтағандай, коллиматор 2003-2015 жылдары АҚШ-тың Калифорния штатында орнатылған, кейін есептен шығарылған.

Гүлнәр Гимадутдинова, судья:

– Әрине бұл жерде сол жабдықты қол қойып қабылдап алғандардың да кінәсі бар. Коллиматорды орнату кезінде оны ешкім тексермеген. Осы бойынша жеке қаулы шығарылып, облыстық денсаулық сақтау басқармасына жіберілді. Бірақ сол кезде жұмыс істеген тұлғалардың бірде бірі қазір бұрынғы қызметінде жоқ. Ал келген шығын өндіріліп алынбақ.

Хабар 24 телеарнасы