378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан бакуліктерге мерекелік дастархан мәзірін ұсынды

  • 129
  • UPD: 13:21, 13.03.2019
Қазақстан бакуліктерге мерекелік дастархан мәзірін ұсынды

Баку мемлекеттік университетінде Наурыз фестивалі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркі тілдес халықтарының күн мен түн теңелгенде тойлайтын мерекенің өзіндік дәстүрлері көпшілікке паш етілді. Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Түркия және Қырғызстан сынды елдердің өкілдері жиналып, мерекелік дастархан мәзірін ұсынды. Қонақтар қазақтың бауырсағы, женті мен құртынан дәм татты. Бұдан бөлек, мың бұралған қазақ бишілерінің өнерін тамашалады. Шараға Абай атындағы қазақ мәдени орталығы мен Әзербайжандағы Қазақстан елшілігі белсенді атсалысты.

Фатима Дурсунова, Абай орталығының жетекшісі:

– Біз Наурыз фестивалін жылда өткіземіз. Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан сынды өзге де түркі елдері Наурыз мерекесін тойлайтыны белгілі. Бұл – бәрімізге ортақ мейрам. Сондықтан аталған мемлекеттер бүгін көрмеге қатысып жатыр. Бұл жерде Наурыз дәстүрлері мен ұлттық әдет-ғұрыптар таныстырылады. Бір сөзбен айтқанда, бұл – ерекше көңіл-күй сыйлайтын көктем мерекесі.

Хабар 24 телеарнасы