378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендегі балық шаруашылығының тауарлық қуаты артып келеді

  • 115
  • UPD: 20:04, 13.03.2019

Өскемендегі  алабалық (форель) шаруашылығының тауарлық қуаты артып келеді. Аталған кәсіпорын осыдан 1,5  жарым жыл бұрын ашылған болатын.

Жоба иесі «Бизнестің жол картасы» бойынша  3  миллион теңге грант иеленіп, шаруашылық қуатын одан әрі арттырды.Бұл қаражат толықтай қажетті құрал жабдықтар сатып алуға жұмсалды.Егер өткен жылы  100  тонна балық өсірілсе, енді осы көрсеткішті екі есеге арттыру межесі тұр.  Әзірше балық уылдырығы шет елден алынады.Дегенмен болашақта бұл істі де өз қолына алуды көздеп отыр. Сонымен қатар мекеме мамандары балықтың өзге де түрлерін өсіруге ниетті. Бірақ ең басты тауар - алабалық (форель балықтары) болып қала бермек.

Виктор Бондарь, шаруашылықтың  аға жұмысшысы:

- Балық  тұрағын  құрастырып  жатырмыз. Керекті  құралдардың біразы Түркиядан әкелінсе, қалғаны отандық. Ала балықты көбейтуде де түрік технологиясын қолданудамыз. Сондықтан бәрі сәтті болса жаңа жылға дейін салмағы 1,5-3  келі болатын,  200  тонна  балық өсіреміз  деп  жоспарлап  отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы