378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тікұшақ апаты: 4 сарбаздың денесі туған жерлеріне бүгін жеткізіледі

  • 291
  • UPD: 15:07, 01.04.2019
Тікұшақ апаты: 4 сарбаздың денесі туған жерлеріне бүгін жеткізіледі iz.ru

Қызылорда облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан 9 әскери қызметшінің денесі жер қойнына берілді.

Қалған төртеуінің мүрдесі туған жерлеріне бүгін жеткізіледі. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біріншіден, Әуе қорғанысы күштері атынан 13 жігітіміздің отбасыларына көңіл айтамын. Қайғымызда шек жоқ. 27 наурыз күні Астана уақыты бойынша 18.20-18.30 минут арасында біздің төрт тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып келе жатқан кезде Жалағаш ауылының маңында олардың бірі апатқа ұшырады. Бұл апатта тікұшақтың үш ұшқышы және он сарбазымыз қаза болды. Аталмыш әуе кемесінде біздің майор Роман Костыгов командир болды. Ол 2-сынып ұшқышы. Апат жайлы естіген кезде сол күні мемлекеттік комиссия Қызылорда облысының әуежайына ұшып шықты. Қазірге дейін 9 жігітті туған жеріне жерледік. Бүгінгі таңда гендік сараптама елордада өткізіліп жатыр. Төрт жігітті (денесін) бүгін туған жеріне жеткіземіз деп ойлаймын», - деді Дәурен Қосанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, 27 наурыз күні кешке Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады.

Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, аталған тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке бет алған 4 әскери тікұшақ құрамында болған. Барлық экипаж мүшесі - 13 адам қаза тапты.

Қорғаныс министрлігі көз жұмған әскери қызметшілердің есімдері мен фотосуреттерін жариялады.

 

Хабар 24 телеарнасы