389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елдің өз болашағы үшін сенімді болғаны керек – Сарапшы

  • 681
  • UPD: 20:12, 15.04.2019

Қазақстандықтар белсенділік танытып, келесі президентті сайлауы керек. Қазіргі уақытта бизнес-қауымдастық ел болашағының сенімді болғанын қалайды.

Халықаралық бизнес университетінің ректоры Дархан Ахмед-Заки осылай дейді. Сарапшының айтуынша, бұл елдің экономикалық дамуына ықпал етеді.

Дархан Ахмед-Зәки, Халықаралық бизнес университетінің  ректоры:

- Халықаралық міндеттемелер біздің елімізден президенттік билікті заңды түрде бекітіп, болашаққа деген сенімді нақтылауды талап етіп отыр. Меніңше, келесі президент бірінші кезекте еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға ерекше мән беру керек. Инвестиция болашағы, экономикасы сенімді мемлекетке келеді. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын халықаралық  сарапшылар жоғары бағалайды деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы