379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында студенттік жатақхана салуға инвесторлар іздестірілуде

  • 140
  • UPD: 13:18, 29.04.2019
Ақмола облысында студенттік жатақхана салуға инвесторлар іздестірілуде

Ақмола облысында студенттерге арналған жатақханалар салуға инвесторлар іздестірілуде.

Ал құрылысты қолға алып, жобаны жүзеге асырған кәсіпкерлерге мемлекеттен қаржылай көмек көрсетіледі. Еліміздің Білім және ғылым Министрлігіне қарасты қаржы орталығының мамандары аталған жобаның механизмін аймақ кәсіпкерлеріне таныстырды. Жиынға оқу орындарының басшылары да қатысты. Себебі, олар да өз қаражатына жатақхана тұрғызып, мемлекеттен субсидия ала алады. Жалпы, жаңа бағдарлама аясында өңірде 2 университет пен 4 колледжге бас-аяғы 2 мың 328 орындық 8 жатақхана салу жоспарланған. Ал, бүгінде облыста 2 мың 700-ден астам студент жатақханаға мұқтаж.

Ғалымбек Жақсымбет, ҚР БҒМ қаржы орталығының менеджері:

- Инвестор жатақхана соққан жағдайда ол кісілерде үш табыс көзі болады. Біріншісі, яғни студенттерден алынатын төлем. Екіншісі, коммерциялық алаңдар. Үшіншісі, мемлекеттік тапсырыс. Егер де инвестор өз қаражатына жаңа жатақхана соққан жағдайда жыл сайын 8 жыл бойы 122 АЕК көлемінде бөлініп отырады. Егер де реконструкция жағдайында 47 АЕК жыл сайын әр студентке.

Хабар 24 телеарнасы