379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараздық 60 отбасы баспаналы болды

  • 174
Тараздық 60 отбасы баспаналы болды

Тараз қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 60 пәтерлі көп қабатты арендалық тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жалға берілетін коммуналдық баспананың кілттері көп балалы және толық емес отбасылар мен ата-ана қарауынсыз қалған балаларға, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне табыс етілді. Арендалық баспананың айлық төлемақысы 5500 бен 6000 теңге көлемінде болмақ. 10 жыл бойы пәтер кезегінде тұрған көп балалы ана Салтанат Анарбекованың қуанышында шек жоқ. Талай жылдан бері пәтер жалдап тұрып келген отбасы үш бөлмелі жаңа қонысқа ие болды.

Салтанат Анарбекова, көп балалы ана:

– Әр айда 35 мың, кейде 50 мың төлеп тұрдық. Көбісі 5 баламен кіргізгісі келмейді. Сол жағынан қиналдық. Баспаналы болғаныма қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы