389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында ұшақ апатынан жараланғандарға операция жасалуы мүмкін

  • 278
  • UPD: 19:50, 20.06.2019

Апатқа ұшыраған АН-2 ұшағындағы ұшқыштың екі көмекшісінің де жағдайы ауыр. Оларға операция жасалуы мүмкін.

Бұл жайында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары мәлімдеді. Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі еліміздегі АН-2 ұшақтарының көбісінің ескі екендігін, әуе техникалары паркін жаңарту қажеттігін  айтып отыр.

Дәрігерлер Ақмола облысында апатқа ұшыраған АН-2 ұшағының екі экипаж мүшесінің өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр. Ұшақ көмекшісінің бірі 1990 жылы туған азаматқа  бас миының ашық жарақаты және бас миының шайқалуы, ал екінші 1992 жылы туған науқасқа жабық ми жарақаты, мидың шайқалуы және бас-ми сүйегінің жарақаты, деп диагноз қойылған. Қазір екі экипаж мүшесі де аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Желеухан Пірімқұлов, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы:

-  Аурухананың барлық дәрігері науқастың өмірі үшін күресуде. Науқас шоктан шыққан жағдайда бас миының басыңқы сынығына ота жасалады. Екінші науқас  0208 Бұл науқастың да жағдайы ауыр. Ғылыми-зерттеу институтының барлық дәрігерлері науқастың жанын аман алып қалу үшін күресуде. 

Айта кетейік, апатқа ұшыраған ұшақ «Навигатор» серіктестігіне тиесілі болған. Мекеменің авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беретін тиісті құжаттары бар. Серіктестікте AН-2 маркалы барлығы 10 ұшақ бар екен. Ал құлаған әуе көлігі 1988 жылы Польшадағы зауыттардың бірінде құрастырылған.  АН-2 ұшағы Қазақстанның азаматтық авиация саласында кең тараған маркалардың бірі. Ол жолаушылар және жүк тасымалымен айналысады, 12 адамға шақталған. 1,5 тоннаға дейін жүк көтереді. Ұшақтың техникалық жағдайына қатысты тергеу жүргізіледі. Бұл жайында  көлік прокурорының көмекшісі Алтынгүл Әшкеева телефон арқылы айтты.

Өкінішке орай, еліміздегі АН-2 әуе техникасының паркі жаңа емес. Ұшақтардың дені ескірген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Ақмола облысындағы ұшақ апатына қатысты осындай пікір білдірді.

Роман Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Бір өкініштісі, АН-2 сынды ұшақтары көне әуе компаниялары аз емес. Бүгін орын алған апаттық жағдайдың себептері әр түрлі болады. Бұл жерде жіті тексеру жұмыстары жүргізіліп, нақты қорытындыны күту керек.

Соңғы төрт жылдан бері АН-2 ұшағы Қазақстанда осымен 3 мәрте апатқа ұшырады. 2015 жылы Жамбыл облысында құлаған әуе көлігінде болған 7 адамнан бір әйел ғана тірі қалды. Ал 2016 жылы Алматы облысында химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу барысында апатқа ұшыраған ұшақтың ұшқышы қаза тауып, қасындағы адам аман қалған болатын.

Хабар 24 телеарнасы