386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендік кәсіпкер 12 сабақта домбыра үйретуді қолға алды

  • 382
  • UPD: 15:20, 08.07.2019
Өскемендік кәсіпкер 12 сабақта домбыра үйретуді қолға алды

«12 сабақтың көлемінде домбыра үйретемін, болмаса төлем ақыңды қайтарамын».

Өскемендік жас кәсіпкер Арлан Сүлейменов осындай ерекше жоба бастады. Бұған дейін  бозбала кофе мен балмұздақ сатып, түрлі кәсіптің шетін көрген екен. Алайда кейіннен Арлан өзінің музыкалық біліміне сенім артқан. Осылайша қасындағы әріптесімен бірге ақылдаса келе қалаған адамға қысқа мерзімде ұлттық аспапты үйрету туралы шешім қабылдапты. Бұл жоспарларын әлеуметтік желі арқылы жарнамалап, ел назарын да аударған. Яғни олар тек әдеттегідей балаларды ғана емес, домбыра тартуды арман етіп, сол мақсатына жете алмай жүрген ересек адамдарды да өнерге баулиды. Әркімнің музыканы қабылдауына орай әртүрлі әдіс қолданылады. «Курс ақысы да соған қарай өзгереді», – дейді өнерпаз. Жігіттің  бастамасы әзірге сәтті іске асуда. Қазір 20-дан астам оқушысы бар. Сабақ кестесі де тығыз.

Арлан Сүлейменов музыкалық жоба жетекшісі:

– Он екі сабақтың ішінде біз оқушыларға ойнап кететініне уәде бере аламыз және егер уәдемізде тұрмасақ, біз ақысын қайтарып береміз. Біздің мақсатымыз – тек қана табыс табу, пайда көру емес, ұлттық аспаптарды насихаттау.

Хабар 24 телеарнасы