386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арысқа Ресей әскери сарапшылары келді

  • 241
  • UPD: 15:21, 20.07.2019

Арыста орын алған апаттың зардабын жоюға Ресей әскерилері де көмектеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы мақсатта іргелес елден арнайы делегация келді. Оның құрамына жоғары санатты инженер-саперлер, Ресей федерациясы қарулы күштерінің зымыран- артиллериялық бөлімше мамандары енді. Мамандар жағдайды сараптап, әрі залалсыздындыру барысы жайында ой өрбітті.

Алексей Зотов, РФҚМ сарапшысы:

– Қоймада сақталған оқ-дәрі көлеміне қарап, мұнда жұмыс істеген мамандардың, өрт сөндірушілердің, әскерилердің дер кезінде қимылдағынын байқауға болады. Егер олар сәл кешіккенде немесе мүлт кеткенде апат бұдан да алапат болар еді. Халықты одан да орасан шығынға батырар еді.

Хабар 24 телеарнасы