386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Корея мен Қазақстан заңсыз еңбек мигранттарымен бірлесе күреседі

  • 121
Корея мен Қазақстан заңсыз еңбек мигранттарымен бірлесе күреседі

Оңтүстік Корея мен Қазақстан заңсыз еңбек мигранттарымен бірлесе күреседі. Бұл туралы әділет министрінің Сеулге жасаған сапары барысында белгілі болды.

Сонымен қатар Марат Бекетаев оңтүстіккореялық әріптесі Пак Санг Кимен инвестицияларды қорғауға бағытталған келісімдерді талқылады. Туристтердің құқығын қорғау мәселесі де назардан тыс қалмады. Марат Бекетаев Оңтүстік Кореядағы сапарынан кейін Сигнапурға бет алды. Онда БҰҰ-ның медиация бойынша конвенциясына қол қойылады. Бұл - халықаралық сауда дауларын реттеуге арналған құжат.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі: 

- Әділет министрлер және басқа осы құқық мәселесімен айналасатын министрлер осы жиналысқа қатысады. Және олардың ішінде жиырмадай елдер осы конвенцияға қол қоятын болады. Осы конвенция біз үшін өте маңызды, өйткені инвестициялық имидж, инвестициялық режим жақсы жағынан дамыту барлық елдерге көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы