386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қауіпсіздік сертификатының жұмысын тексеру аяқталды

  • 212
Қауіпсіздік сертификатының жұмысын тексеру аяқталды

Енді қазақстандықтар үшін өз смартфондарына қауіпсіздік сертификатын енгізудің қажеті жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ еліміз сертификаттан толықтай бас тартпайды. Қажет болған жағдайда оны қайта қосу туралы тұрғындарға хабарлама тарайды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында «Киберқалқан бағдарламасы бойынша қауіпсіздік сертификатын тестілеудің жедел аяқталуы сырттан қауіп төнгенде техникалық жабдықталу деңгейінің жоғары екенін көрсетті» деген болатын. Бұған қоса президент отандық интернет қолданушыларға қолайсыздық болмайтынын айтып, қауіптенуге еш негіз жоқтығын алға тартты. 

Хабар 24 телеарнасы