386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемнің 7 мемлекетінен келген 300-ге жуық қазақ баласы Бурабайға жиналды

  • 150
  • UPD: 17:36, 09.08.2019
Әлемнің 7 мемлекетінен келген 300-ге жуық қазақ баласы Бурабайға жиналды

Тәуелсіздік жылдары шет елдерде тұрып жатқан қандастарымыздың 1 млн-нан астамы елге оралды.

Олар бүгінде атамекенге әбден сіңісіп кетті. Енді тағы осыншама бауырласымыз Қазақстанға көшіп келгісі келеді. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков Бурабайда өткен «Туған жер – алтын бесік» атты әлемдегі қазақ балаларының кезекті құрылтайында мәлімдеді. Жалпы бұл шара биыл осымен он бесінші рет өткізіліп отыр. Осы жолы жаһанның 7 мемлекетінен 300-ге жуық бала «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына жиналды. Ондағы мақсат – шетте жүрген қандастарымыздың ұл-қыздарын қазақ жерінің табиғаты, тарихы, мәдениеті және әдебиетімен тереңірек таныстыру. Айта кетейік, елімізде Елбасының қолдауымен 2018-2022 жылдарға арналған шет елдердегі этностық қазақтарды қолдау бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. 

Зауытбек Тұрысбеков, дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары:

– Мұның саясаты неде? Біріншіден, келешек – жастарда. 16 млн қазақтың үштен бірі шет мемлекетте. Сол себепті байланыста болу керек. Балалар бірге келген соң, бірге табысады, танысады, мәңгілікке дос болады. Сол достығының арқасында қазақ шашылмайды. Бұл – керемет бағдарлама, мұны біз әрі қарай дамытуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы