Шымкентте экс-депутат Сатыбалды Ибрагимов көз жұмды, - деп хабарлайды «Отырар».
Сатыбалды Тілемісұлы Ибрагимов 1940 жылы 13 наурызда Сайрам ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының докторы, ҚР Парламент Мәжілісінің экс-депутаты. Ол Украинада №8 кәсіби техникалық училищені және Мәскеуде П. Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін тәмамдаған. Сатыбалды Ибрагимов өз карьерасын Теміртауда металл қорытушы болып бастаған, кейін жетекшілік қызметтерде істеген. 1988-2000 жылдар «Қазақаймақ» фирмасының вице-президенті, «Кармет-Оңтүстік» компаниясының президенті, «Қазхром» компаниясының президенті қызметтерін атқарған. Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығының мүшесі болған.
Ақпарат көзі: tengrinews.kz