386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте 230 шақырым жол жөнделеді

  • 152
  • UPD: 15:36, 10.08.2019

Көлік магистральдарынан бөлек жергілікті маңызға ие жолдар да жаңа кейіпке енеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлық құрылыс жұмыстарын «Жол активтері сапасы ұлттық орталығының» өкілдері қадағалап жүр. Жаңа ведомство өз міндеттерін жауапсыз атқаратын мердігерлерді анықтайды.

Шымкенттегі республикалық маңызы бар алты жол магистралі жаңа кейіпке енеді. Бірақ мердігерлер жөндеу жұмыстары кезінде бірқатар кемшілік жіберіп үлгерген. 

Мұхтар Дүйсембеков, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының басшысы:

– Бүгінгі күнге 5 нысанды қарадық. Қарау барысында құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 67 ақау табылды. Атқару құжаттары бойынша 62 кемшілік табылды.  

Әсіресе Нұр-Тас шағынауданын тексеру барысында көптеген кемшіліктер анықталды. Бұл жердегі жол бұрыннан жөндеуге мұқтаж. Технологиялық олқылықтар үшін мердігерге жиектастар мен жолдың беткі құрылымының негізін ауыстыруға тура келеді.

Мұхтар Құлтаев, құрылыс компаниясының басшысы:

– Бар болғаны бір ай жеті күн болды. Осы жолды істеп жатырмыз. Тапсыруға 2-3 ай уақыт бар. Бәрін дұрыстап, кеткен кемшіліктердің бәрін жөндеп тапсырамыз деген ойдамыз.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мамандарының айтуынша, қателіктерді қалпына келтіру барысында түзеткен әлдеқайда жеңіл.

Биыл Шымкенттегі жолдарды жөндеуге 8 млрд теңге бағытталды. Алайда қаржы барлық трассаларды қалпына келтіруге жеткіліксіз. Сондықтан құрылыс жұмыстары келесі жылы да жалғасады. Басты міндет – жұмыстардың сапалы орындалуы. «Кімде-кім бұл талаптарды ескермейтін болса, онда тендерге қатысудан қағылады», – дейді автомобиль жолдары комитетіндегілер.

Авторлары: Данияр Сұлтан, Катерина Попкова

Хабар 24 телеарнасы