387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-ның Айыртау ауданына оңтүстіктен қоныс аударушыларға 32 үй салынып жатыр

  • 142
  • UPD: 19:50, 19.08.2019

Шырайлы оңтүстіктен шұрайлы солтүстікке. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша биыл күнгейден еліміздің солтүстігіне үш мыңнан астам азамат қоныс аударады.

Бұл шамамен 700-ге жуық отбасы. Жері құнарлы, шөбі шүйгін өңірді таңдағандардың алды қазір, мал шаруашылығымен айналыса бастаған. Сондай-ақ өз алдына кәсіп ашқандары да жоқ емес.

- Мен қазір өзім тұрғында не заказ береді, мен соны алып жасаймын.

Нүрия Есенбаева тігін тігіп, тірлігін тіктеп жүрген жандардың бірі. Он саусағынан өнер тамған азаматша кез-келген тапсырысты үйінен шықпай-ақ орындай береді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Шардарадан Айыртау ауданына қоныс аударған жанұя,  бүгінде өз алдына кәсіп ашқан.

Нүрия Есенбаева, Саумалкөл ауылының тұрғыны:

- Жеке кәсіпкер болу үшін сол арнайы бағдарлама шықты ғой кейіннен. Соған қызығып, өзіміз жеке өз алдымызға кәсіпкер болуға қызығып, соны оқыдық былтыр. Сонымен біз грант алдық. Жолдасым да, менде грант алып сол қазір өзіміз жеке өз алдымызға тірлік жасап жатырмыз.

Есенбаевтар – көпбалалы отбасы. Төрт қыздан кейін, көптен күткен ұл солтүстік қазақстанда дүниеге келді. Ал биыл баспанаға да қол жеткізді. Жалпы қоныс аударып жатқан осындай ағайынның арқасында, өңірде кадр мәселесі де біртіндеп шешімін табуда.  

Нұрболат Ғалымов, Айыртау аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары:

- Қызылорда, Түркістан облысы, Маңғыстау облысы сол жақтан енді ағайындар келіп жатыр. План бойынша 32. Оның  29 жанұясы келді. 86 адам. Оның ішінде 45 жұмыс істейтін үлкен кісілер. Қалғандары балалар, оқушылар. 

Оңтүстіктен Солтүстікке қарай ағайынның көші 2016 жылы басталды. Ал  2021 жылға дейін оларға деп өңірде үш мың тұрғын үй салынатын болады.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларға деп, Айыртау ауданында 32 үй салынып жатыр. Оның 16-ы Саумалкөл елді мекенінде. Оларды қазан айына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Сондықтан мұндағы жұмыстар күндіз-түні жалғасып жатыр.  

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы