389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қапшағай гарнизонындағы әскери бөлімдер дабыл бойынша көтерілді

  • 164
  • UPD: 23:38, 03.10.2019

Қорғаныс министрі Қапшағай гарнизонында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдерін дабыл бойынша көтерді.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл бөлімшелердің тапсырмаларды орындау қабілетін тексеру мақсатында өткізілді. Дабыл бойынша бөлімше белгіленген аудандарға марш жасап,  оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Сондай-ақ, командирлермен әртүрлі шешімдер қабылданды. Тексеріс барысында жеке құрамның қару-жарақтармен жұмыс істеуі мен жауынгерлік дайындық пәндері бойынша нормативтерді орындауы ерекше назарға алынды.

Хабар 24 телеарнасы