430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысы бойынша биыл 1800 ер бала әскер қатарына алынуы тиіс

  • 938
  • UPD: 19:42, 16.10.2019
Атырау облысы бойынша биыл 1800 ер бала әскер қатарына алынуы тиіс

Атырау облысы бойынша биыл 1800 ер бала әскер қатарына алынуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтық қорғаныс істер жөніндегі департамент басшылығы жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында және «Ел тірегі-2019» республикалық акция шеңберінде күзгі мерзімді әскерге шақыру ісі бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына жас сарбаздарды салтанатты түрде жөнелтті. Жас Отан қорғаушыларды шығарып салу рәсіміне ресми органдардан бөлек, облыстағы әскери-патриоттық клубтың оқушылары мен отан қорғауға аттанушы жас сарбаздардың ата-аналары да қатысты. Жалпы облыс бойынша күзгі әскерге шақыру маусымында 700 сарбазды әскерге қатарына қабылдау жоспарланып отыр.

Жасұлан Сатыбалдиев, облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілі:

- Қазірге дейін Атырау облысы бойынша 140 бала ҚР ҰҚК Шекара қызметіне әскери міндетін өтеуге аттанып кетті. Енді 15 қарашаға дейін біздің облыстан тағы 250-ге жуық жас сарбаз ҚР Қарулы күштері алдындағы міндетін атқаруға аттанады. Осыған сәйкес осы іс-шараны өз дәрежесінде өткізу үшін жергілікті әскер органдары іріктеу жұмысын жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы