388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ еншілес компанияның бас директоры жемқорлық күдігіне ілінді

  • 163
  • UPD: 13:08, 22.10.2019

«KMG EP-Catering» ЖШС бас директоры 3 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлайды.

«Маңғыстау облысында «KMG EP-Catering» ЖШС бас директоры және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Олар іс жүргізу барысында жемқорлыққа жол берді деген күдікке ілінді», – делінген хабарламада.

Олар азық-түлікті сатып алу мен жеткізу мәселесін оңтайлы шешіп бергені және одан кейін де қамқоршылық жасағаны үшін жеке кәсіпкерден 3 млн теңге көлемінде пара алған болуы мүмкін.

Айта кетейік, «KMG EP-Catering» ЖШС – ««ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на еншілес ұйым. Негізінен Маңғыстау облысы аумағында орналасқан өзге де еншілес компанияларды азық-түлікпен қамтамасыз етумен айналысқан.

Хабар 24 телеарнасы