388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арменияда хакерлер жыл сайын 200-ге жуық сайтқа шабуыл жасайды

  • 121
  • UPD: 16:41, 23.10.2019

Қазақсан мен Армения киберқауіп-қатермен біріге күресе алады. Сарапшы Самвел Мартиросянның пікірі осыған саяды.

Екі елдің өзара байланысы олардың Еуразиялық экономикалық одақта, яғни бірыңғай экономикалық кеңістікте, сонымен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында серіктес болуының нәтижесі. Сарапшының айтуынша, бүгінгі таңда әлемде мемлекеттік немесе жекеменшік ұйымдарға шабуыл жасайтын түрлі хакерлік топтардың саны жетерлік.

Самвел Мартиросян, ақпараттық қауіпсіздік бойынша сарапшы:

- Кейде провайдерге шабуыл жасалғанда сол серверде болғандардың барлығы зардап шегеді. Тіпті 300-400 сайттың бірден бұзылып жатқан кездері де болады. Алайда бұндай оқиға соңғы 2 жылда тіркелген жоқ. Қазір киберқылмыс кең етек жаюда. Елдеріміз онымен бірлесе күресе алады деп ойлаймын. Екі мемлекеттің де бұл мәселеге қатысты өз тәжірибесі бар.  

Арменияда хакерлер жылына 100-200-ге жуық сайтты шабуылдап жатады. Бұдан тіпті жеке тұлғалар да зардап шегетін көрінеді. Мәселен, әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен электронды пошталар жиі бұзылады. Осылайша қылмыскерлер тұрғындардың жеке мәліметін пайдалану арқылы жалған ақпарат таратады. Сонымен қатар әлеуеттік желі арқылы жұмыс істейтін кәсіпкерлерге кедергі жасайды. Ал бұл ел беделіне нұқсан келтіретіні сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы