385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда «Қыс-2019» республикалық оқу-жаттығуы өтті

  • 88
  • UPD: 21:34, 06.11.2019
Қарағандыда «Қыс-2019» республикалық оқу-жаттығуы өтті

Қарағандының апаттық-құтқару қызметтері де қысқа тас түйін дайын.

Бүгін бұл аймақта да «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп, төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары пысықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда құтқарушылар көлік өртенгенде қандай шаралар атқарылатынын көрсетіп, адасқан адамдарды іздестіру шараларын жүргізді. Бұдан кейін техниканың мүмкіндігі мен кинологтардың әрекеті сыналды. Соңғы екі жылда облыстық төтенше жағдайлар қызметі техникаларын біраз жаңартты. Енді облыс жолдарында қар көп жиналатын 600-ден астам аумақ жіті бақылауға алынады. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 390 жылыту бекеті жұмыс істейді. Мұның сыртында 7 трассалық медициналық-құтқару пункттері тәулік бойы қызмет көрсетеді. Өткен қыста сала мамандары 150-ден астам адамды қар құрсауынан құтқарған.

Ибрагим Күлшімбаев, облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы:

Дайындығымыз жеткілікті, қыс мерзімінде апаттан құтқару қызметтерінің күштері 3000 адамнан артық. 1300-ден астам техника дайындықта тұр. Халыққа айтатыным, жолға күн бұзылып жатса шықпау керек, шығып жатса, техниканы дайындап, қысқы жанармайлары болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы