388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда әйел мен оның 3 жасар қызын айуандықпен өлтірген күдіктінің соты басталды

  • 66
  • UPD: 22:28, 08.11.2019

Солтүстік Қазақстан облысында анасымен оның кішкентай қызын ұрып, кейін пышақтап өлтірген күдіктіге қатысты сот отырысы басталды. Қанды оқиға осыдан үш ай бұрын болған. Алғашқы сот процесінде екі адамнан жауап алынды.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Жантүршігерлік оқиға биыл жазда, дәлірек айтсақ, тамыз айының 7-і күні Мамлют ауданының орталығында болды. Сол күні күдікті 39 жастағы әйелмен оның 3 жасар қызын пышақтап өлтіреді. Ал полиция қызметкерлері екінші күні олардың денелерін қораның ішінен тауып алған. Сорақысы сол, пышақ сілтеген қаскөй алыстан келмеген. Марқұмның жақсы танысы, көрші ауылдың 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Қанды оқиғаға екеулерінің арасында туындаған жанжал себеп болған.  

Қайрат Ермекбай, мемлекеттік айыптаушы:

- Күдіктінің алкоголь және есірткі пайдаланғандығы анықталды. Жанжал туындаған кезде ол әйелмен оның 3 жастағы қызының басына ағашпен бірнеше мәрте соққы берген. Кейін пышақ сілтеген. Содан соң айыпталушы марқұмның алтын бұйымдары мен ақшалай карточкасын қолды қылып, оқиға орнынан тайып тұрған.  

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Сот залына жеткізілген айыпталушы Дементьев бет-жүзін көрсетпеуді сұрады. Аталған оқиғаға қатысты күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал марқұмның артында кәмелет жасқа толмаған бір қызы жетім қалды. Сондықтан жәбірленуші тарап күдіктіге әділ жаза берілсе екен дейді. Соттың алғашқы отырысында екі адамнан жауап алынды. Жалпы қанды оқиғаға қатысты бұл іс 5 томды құрайды.

Хабар 24 телеарнасы