384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде медициналық қызметтерді сатып алу электронды форматқа көшіріледі

  • 164
  • UPD: 21:43, 11.11.2019
Елімізде медициналық қызметтерді сатып алу электронды форматқа көшіріледі

Келер жылдан бастап елімізде медициналық қызметтерді сатып алу электрондық форматта жүзеге асырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» медициналық қызметтерді сатып алудың веб-порталын іске қосты. «Бұл – қор үшін де, медициналық ұйымдар үшін де сатып алу рәсімдерін жеңілдетеді», – дейді мамандар. Яғни, қағазбастылық жоғалады. Ертеңнен бастап бүкіл ел бойынша тестілік сатып алулар басталады.

Ботагөз Жақселекова, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы:

– Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтерді бірыңғай стратегиялық сатып алушы ретінде бұл пилоттық жобадан үлкен үміт күтеді. Тетікті іске асыру кезінде ашықтық қамтамасыз етіледі, сыбайлас жемқорлық факторларының пайда болу тәуекелі төмендейді және қағаз құжат айналымы алынып тасталады. Электрондық сатып алу рәсімі ашық түрде жүзеге асырылады.

Хабар 24 телеарнасы