380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент: суреттер сыр шертеді

  • 293
  • UPD: 15:45, 30.11.2019

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде осындай атаумен фотокөрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы суреттер Қазақстанның қалыптасу кезеңдерінен сыр шертеді. Фотобаянда Елбасының Сыр өңіріне жасаған сапарлары, Сырдария арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау жобасы, отандық тұңғыш ғарышкердің орбитаға ұшуы секілді тарихи сәттер көрініс тапқан. Мұражайда сондай-ақ мектеп оқушыларымен мерекелік ашық сабақ өткізіліп, Ұлт көшбасшысының қиындықты еңсеретін қайсарлығы мен білімге құштарлығы әспеттелді.

Еңлік Баймұрзаева, облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі:

– Бүгінгі іс-шара көрменің мақсаты жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі екенін, құдыретті тұлға екенін таныту. Елімізге көрсеткен көптеген жетістіктерін балалар санасына құю болып саналады.

Нұргүл Шахмет, оқушы:

– Біз облыстық музейге келіп, Тұңғыш Президент жайлы мағлұматтармен таныстық. Ол өте үлгілі оқушы болған екен. Менде қазіргі таңда үздік оқып, келешекте Қазақстанның дамуына үлес қосқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы