424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада жүрек операциясына бұзау тіні пайдаланылды

  • 770
  • UPD: 13:36, 06.12.2019
Қызылордада жүрек операциясына бұзау тіні пайдаланылды

Қызылордада жүрекше ырғағы бұзылып, қарыншалық түйінде өткізгіштік тежелген науқасқа хирургтер бұзау тінін қолдану арқылы операция жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін мұндай операцияларда шошқа тіні пайдаланылып келген екен. Аяғы ауыр әйелдің өміріне қауіп төнгесін оның жүктілігін тоқтатуға тура келді. «Дегенмен 4 сағатқа созылған операция сәтті шықты», – дейді алматылық мамандар. Облыстық кардиологиялық орталықтың 10 жылдығына Алматыдан келген дәрігерлер сырқаты ауыр 4 адамға ем-шара жүргізді. Жалпы Сыр өңірінде 2009 жылы ашылған кардиоорталықта 4 мыңдай науқасқа стенд, 12 мың адамға коронаграфия қойылып, мың жарымға жуық күрделі операция жасалды.     

Нұрсан Сұрашов, Алматы қалалық кардиология орталығының бөлімше меңгерушісі:

– Операцияны жүрек пен өкпенің жұмысын тоқтатып жасайды. Одан кейін 1 күн реанимацияда, 7 күн стационарда болады да үйіне шығарылады. Жүрек-тамыр ауруы жасы келген адамдарда жиі байқалады. Қазіргі кезде 75-80-нен асқандардың 80% біздің науқастар.

Хабар 24 телеарнасы