420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баспана кезегінде тұрған байқоңырлықтарға тұрғын үй кілттері табыс етілді

  • 604
  • UPD: 20:51, 07.12.2019
Баспана кезегінде тұрған байқоңырлықтарға тұрғын үй кілттері табыс етілді

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов баспана кезегінде тұрған байқоңырлықтарға тұрғын үй кілттерін табыс етті, деп хабарлады Тенгри ньюс.

Бұл көп қабатты тұрғын үйлердің жалпы ауданы 15 мың 700 шаршы метр. 5 үй мен инженерлік инфрақұрылым үшін 2,1  миллиард теңге қаржы бөлінген.

Көп қабатты тұрғын үйлерді пайдалануға беру салтанатына облыс әкімімен бірге ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Б.Намаев пен Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы В.Лопаткин қатысты. Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін табиғи газ бен автономды бу қазандығы орнатылған. Бүгінде Байқоңыр қаласында пәтер кезегіне 1252 адам тіркелген.
Баспаналы болған жұлдызды қалашық тұрғындарын құттықтаған аймақ басшысы бұл Байқоңырда кейінгі 30 жылда салынған алғашқы тұрғын үй екенін атап өтті.

«Келесі жылы осы игі бастаманы одан әрі жалғастырып, тағы бес көп қабатты  тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Бүгінде осы қалада тұрып, әр салада еңбек етіп жатқан елу мыңға жуық қазақстандық азамат бар. Бірнеше жылдан бері кезекте тұрған жерлестеріміз баспаналы болып, тұрмыс жағдайын жақсартып, үлкен қуанышқа бөленуде. Жұлдызды қаланы жаңа нысандармен толықтырып, жаңарту идеямызға қолдау көрсетіп, алғашқы тұрғын үйлердің құрылысын бастаған барлық құрылыс компанияларына және жұмысшылардың еңбектеріне қала тұрғындарының атынан алғысымызды айтамыз. Қоныстарыңыз құтты болсын», – деді облыс әкімі.

Хабар 24 телеарнасы