Елімізде экологиялық амбассадорлар сайланады. Бұл туралы Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.
Алғаш рет ұйымдастырылып отырған қоғамдық-саяси слетте талқыланған экологиялық мәселелер көп. Экожиынға шет елдерден еріктілер қозғалысының белсенділері де келген. Іс-шара волонтер жылы аясында өтіп отыр. Министр мұнда халықтың экологиялық санасын өзгертудегі қоғамның рөлін атады. Сонымен қатар экологиялық кодекстегі енгізіліп жатқан өзгерістер жөнінде айтты.