411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұшақ апаты: зардап шеккендердің денсаулық жағдайы белгілі болды

  • 302
  • UPD: 16:01, 26.02.2020
Ұшақ апаты: зардап шеккендердің денсаулық жағдайы белгілі болды ҚР ІІМ ТЖК

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының төрағасы Біржан Оспанов Өскемен маңында апатты жағдайда қонған ұшақ жолаушыларының денсаулығы жайлы айтты. 

«Бортта дәрігер, фельдшер және екі ұшқыш болған. Олар көмек көрсетуге бара жатқан, сондықтан ішінде науқас болмаған. Оқиғадан соң барлық төрт адам Өскемендегі №1 қалалық ауруханаға жеңіл жарақатпен жеткізілді», – дейді Біржан Оспанов Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Өскемен маңындағы Прапорщиково ауылында «Орлан 2000» жеке компаниясына тиесілі ұшақ апатты жағдайда қонды.

2019 жылы болған әуе апаттары

Алматы маңындағы ұшақ апаты: оқиғалар хронологиясы

Хабар 24 телеарнасы