426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы күндері күн қайта суытады – синоптиктер

  • 510
  • UPD: 19:33, 26.02.2020
Алдағы күндері күн қайта суытады – синоптиктер

Көкшетауда да жаңбыр. Полиция өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, Атбасарға барар жолда тіркемесі бар жүк көлігі аударылып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зардап шеккендер жоқ. Синоптиктердің айтуынша, жылымық көпке созылмайды. Алдағы күндері күн қайта суытады.

Даниел Жұмажанов, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының басшысы:

– Бұл ақпан айына қалыпты кұбылыс емес. 28-29 ақпаннан бастап антициклонның енуіне байланысты облыста жауын-шашын тоқтайды, желдің екпіні басылады. Және де ауаның температурасы төмендейді, түнгі уақыттарда 5-10, кей жерде 13 градусқа дейін аяз байқалса, күндіз 0-5, кей жерде 8 градус аяз болады.

Хабар 24 телеарнасы