426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшадан 207 қазақстандық елге оралды

  • 585
  • UPD: 15:32, 25.03.2020

Екі жүзден астам қазақстандық Польшадан елге аман-есен оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларды Варшавадан арнайы чартерлік рейстің бортында тасымалдаған. Барлығы 207 жолаушы. Олардың басым бөлігі Еуропада оқитын студенттер. Сондай-ақ отандық әуе тасымалдаушылар біздің отандастарымызды Түркиядан, Грузиядан және Ресейден жеткізеді деп жоспарлануда. Еуропада карантинде жатқан қазақстандық студенттердің жағдайы жайлы келесі материалда.

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

- Коронавирус оқуға кедергі емес. Карантинге қарамастан, шетелде біліп алып жатқан қазақтандық студенттер осындай пікірде. Олардың дені Еуропа елдерінде. Ондағы жоғары оқу орындар қашықтан оқуға барлық жағдай жасаған. Сондықтан «Болашақ» бағдарламасымен барғандардың басым бөлігі өз оқу орындарында қалды.

Айнұр Қарбозова, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті:

- Наурыз, сәуір, мамыр аралығында Қазақстанға 104 стипендия иегері оралады деп жоспарланған. Айта кетейік, Қазақстандағы және олар оқып жатқан мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты студенттер арасында күнделікті сауалнама жүргізіледі. Қазіргі таңда 33 студент елге оралуға дайын екенін айтқан. Олардың 26-сы Ұлыбритания, алтауы АҚШ және біреуі Ирландия Республикасының студенті.

Ғалия Маратова Ұлыбритания университеттерінің бірінде білім алады. Коронавирустың таралуына байланысты жақында елде карантин жарияланды. Сондықтан білім ордалары онлайн оқытуға көшті. Дегенмен, қашықтан оқу қазақтандықтардың көңілінен шықты.

Ғалия Маратова, студент:

Менің факультетімде, менің университетімде сабақ ресми түрде өткен аптада аяқталған. Кейбір факультеттердің сабағы әлі жалғасуда. Тек қана бір ғана өзгеріс бар. Бүкіл сабақ онлайн жүріп жатыр.

Айта кету керек, студенттердің елге қайтуға құқығы бар. Бірақ көбі карантинге қарамастан, білім алып жатқан жерінде қалуды жөн көрген. Ал өз Отанына оралғысы келетіндерді әуе компаниялары тасымалдауға дайын. Мысалы, жақын арада SCAT компаниясының рейістерімен Ресей, Грузия және Түркиядағы қазақтандықтар ұшып келеді. Ал Air Astana Ұлыбритания, Корея, Малайзия, Германия сынды мемлекеттерден отандастарымызды қайтаруға дайын.

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова

Хабар 24 телеарнасы