428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


4 сәуірден бастап Қазақстан шекарасындағы бірқатар өткізу бекеті жабылады

  • 405
  • UPD: 17:22, 01.04.2020
4 сәуірден бастап Қазақстан шекарасындағы бірқатар өткізу бекеті жабылады

Қазақстан мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріндегі автомобиль өткізу пунктілері уақытша жабылады, деп хабарлайды  ҰҚК шекара қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Үкіметтің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріндегі автомобильдік өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» 30 наурыздағы №155 қаулысына сәйкес, 4 сәуірден бастап мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелеріндегі автомобиль өткізу пунктілері уақытша жабылады.

Жабылатын өткізу бекеттерінің тізімі:

Қытай Халық Республикасымен шектесетін шекарадағы өткізу пунктілері:

Қалжат Алматы облысы

Бахты Шығыс Қазақстан облысы

Майқапшағай Шығыс Қазақстан облысы

Ресей Федерациясымен шектесетін шекарадағы өткізу пунктілері:

Қондыбай Қостанай облысы

Ақбалшық Қостанай облысы

Кызыл Жар Солтүстік Қазақстан облысы

Найза Павлодар облысы

Жезкент Шығыс Қазақстан облысы

Байтанат Шығыс Қазақстан облысы

Қоянбай Шығыс Қазақстан облысы

Орда Батыс Қазақстан облысы

Шаған Батыс Қазақстан облысы

Қарашатау Ақтөбе облысы

Қырғыз Республикасымен шектесетін шекарадағы өткізу пунктілері:

Аухатты Жамбыл облысы

Қордай Жамбыл облысы

Сыпатай батыр Жамбыл облысы

Сартөбе Жамбыл облысы

Кеген Алматы облысы

Өзбекстан Республикасымен шектесетін шекарадағы өткізу пунктілері:

Целинный Түркістан облысы

Сырдария Түркістан облысы

Хабар 24 телеарнасы