399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантиндегі қаланың қазіргі тыныс-тіршілігі қалай

  • 135
  • UPD: 15:54, 10.04.2020

23 күн. Тура осынша уақыт елорда жұрты карантин режимінде өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті соңғы апталарда қатаң шектеу шаралары қолға алынған болатын.

Жалпы қазір жергілікті жұрттың көңіл күйі алаңдаулы деуге келеді. Өйткені, онсыз да бірер апта үйқамақта отырған адамдар осыдан тура бір апта бұрын карантиннің созыла түскенін естіген еді.

Әрине, тұрақты жұмысы барларға жеңіл. Өйткені қызмет орны мен жалақы көлемі сол күйі сақталады. Ал тұрақты жұмысы жоқ және өз-өзін жұмыспен қамтып жүгендерге ауырлау. Оны әлеуметтік желідегі жазбалардан анық байқауға болады. Әсіресе, 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекке қатысты мәселе көп. Ал жауапты мамандар өтініштердің ешқайсысы қараусыз қалмайтынын айтады.

Сәуле Нұрғожина, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының жетекшісі:

– Бізге 160 мың өтініш келіп түсті. Бүгінге дейін 4 мыңнан аса жұмыс берушінің құжаттары қаралды. Ал осы көмекке қол жеткізген адамдардың саны 23 мыңға жуықтайды. Штаб күнделікті жұмыс жасап жатыр және ешбір өтініш назардан тыс қалмайды.

Ал қала маңындағы бақылау-өткізу бекеттеріндегі жағдай тұрақты. Жеңіл көліктер мен жаяу жүргіншілер жоқтың қасы. Тек азық-түлік таситын және басқа қалаға бет алған транзиттік жүк көліктері ғана өтіп жатыр. Өрескел тәртіп бұзушылықтар байқалмайды.

Қала маңындағы елді мекендер мен қала ішіндегі қарбалас та басылған. Полиция қызметкерлері көшпелі бекеттер ұйымдастырып, әлі күнге дейін түсіндірме жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Авторлары: Аслан Қаженов, Дәурен Жұрқабаев

Хабар 24 телеарнасы