428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысының кәсіпкерлері жұмысшыларын баспанамен қамтамасыз етіп жатыр

  • 272
  • UPD: 19:22, 12.04.2020

Ақмола облысының кәсіпкерлері жұмысшыларына тұрақты жұмыс қана емес, басыбайлы баспана беруге де әзір, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, былтыр аймақта меценаттардың көмегімен 58 отбасыға үй берілген. «Биылғы көрсеткіш те бұдан кем болмайды», - дейді, мамандар. Себебі, алыс ауылдарда маман тапшылығын жою үшін ең алдымен баспана мәселесін шешу қажет.

Атбасар ауданының Родионовка ауылындағы шаруашылықтардың бірінде механизатор болып жұмыс істейтін Дмитрий Ковалев отбасымен бірге бұл үйде бірнеше жылдан бері тегін тұрып келеді. Серіктестік ұсынған пәтердің құжаттары жақында оның өз атына аударылды. Енді көп балалы отбасының қуанышында шек жоқ. «Әрі үйде тұрмыстық бар жағдай жасалынған», - деп дән риза.

Дмитрий Ковалев, Родионовка ауылының тұрғыны:

Бұл үй, бір қуантарлығы, орталық жылу жүйесіне қосылған. Су тасып та керегі жоқ. Бәрі ішінде. Жұмыстан келген соң балаларыма көңіл бөлуге тырысамын. Осындай жағдай барлық елді мекендерде болса, ауылдан ешкім кетпес еді.

Серіктестік басшылығы дәл осылай тағы бірнеше отбасыны баспанамен қамтамасыз етіп, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларды қамқорлығына алып отыр. Айталық, ауылда сәбилі болған отбасыға 100 мың теңгеден қаржылай көмек беріледі екен. «Ендігі жоспар – үздік қызметкерлерге үй беруді әрі қарай жалғастыру», - дейді жергілікті кәсіпкер.

Қанат Байзақов, серіктестік директоры:

Биыл тағы 10 үйді қалыпқа келтіріп, оларды да жұмысшыларымызға беруді жоспарлап отырмыз. Пәтерлердің барлығы орталықтандырылған жылу және су желілеріне қосылады. Яғни, барлық жағдайы жасалады. Еңбеккер тек жұмыс істесе болды.

Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы басталғалы бері «Туған жер» арнайы жобасы аясында 600-ге жуық жоба жүзеге асырылып, оған жергілікті кәсіпкерлер 5 млрд теңгеден астам жеке қаражатын жұмсаған. Нәтижесінде аймақта меценаттардың көмегімен 60 шақты әлеуметтік нысан қалыпқа келтіріліп, 80-нен астам ғимарат салынды. Олардың арасында баспаналар да бар.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы