426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында дәмханадан Қызыл кітапқа енген үкі табылды

  • 447
  • UPD: 11:56, 16.04.2020
Түркістан облысында дәмханадан Қызыл кітапқа енген үкі табылды

Түркістан облысының полицейлері дәмхана ішінен Қызыл кітапқа енген үкі құсын тәркіледі, деп хабарлады Polisia.kz.

Манкент ауылында орналасқан дәмханалардың бірінің ауласынан асырауға тыйым салынған үлкен үкі анықталды.

​​​​​​​​Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айғақты зат ретінде алынған құс ҚР Қызыл кітабына енгізілген Филин үкісі болып шықты. Ол Шымкент қаласының хайуанаттар бағына жіберілді.

Тәртіп сақшылары күдікті тұрғынның Қызыл кітапқа енген құсты қандай мақсатта ұстағанын анықтайды.​Сондай-ақ тергеу барысында тұрғын бұл құсты 2015 жылдан бері асырап келе жатқанын айтқан. ​​​​​​​​

Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға ҚР Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін жануарлармен заңсыз ұстағандар 3 мың АЕК дейінгі айыппұл немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы