427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамандар шомылу маусымына профилактика шараларын күшейтіп жатыр

  • 379
  • UPD: 22:34, 02.06.2020

Күн ысығалы жұрт жаппай жағалауға ағылды. Бірақ шомылу маусымына құтқарушылар дайын ба? Көктемнен кейін өзен, көлдердің су таза ма? Сосын коронавирусқа байланысты демалушыларға қандай талаптар қойылады? 

Ақтау. Қарт Каспий. Қайғылы жағдай. Қала іргесіндегі Шора су арнасына 10-сынып оқушысы батып кетті. Ол балық аулауға келген әкесінің көзінше мерт болды. Ешкім құтқара алмады. Марқұм рұқсат етілмеген жерде шомылған. Осыған байланысты мамандар алдын алу шараларын күшейтіп отыр. 

Бекболат Әбдіқадыров, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Облыс бойынша мәслихат шешімімен 6 қауіпті участок бар. Олардың екеуі Ақтау қаласында және төрт орын Түпқараған ауданында. Сол себепті күн сайын рейд өткізіледі. Адамдарға шомылуға тыйым салынған учаскелерде болмайды деп айтылып жатыр. Бірақ оған қарамастан жас балалар шомылып жүреді. Полиция органдары бізбен бірге рейдке шығады. 406-бап бойынша әлгіндей балалар жауапкершілікке тартылады. 

Ал Петропавлдың санитар мамандары Алакөлдің суын тексерді.

Бұл қалалықтардың ең көп келетін жағажайы. Зертханашылар су мен топырақтың сынамасын алып, микробиологиялық және химиялық көрсеткіштерін анықтады. Олардың айтуынша, нитрат, хлор, сынаптың мөлшері талапқа сай. 

Марина Давлетбаева, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы: 

- Зертханалық тексеріс қорытындысы бойынша барлық сынамалардың гигиеналық талаптарға сай болып шықты. Демалушыларға айтарымыз, шомылу кезінде арақашықтық сақтаңыздар. Және де карантиндік шектеулерді ұстанғандарыңыз жөн. 

Ал көлдің жағалауын төтенше жағдайлар қызметкерлері тазалады. Сүңгуірлер су астынан қауіпті заттарды алып шықты. Өңірде шомылу маусымы басталмай жатып, бір адам судың құрбаны болды. 23 жастағы жігіт досымен ішіп, суда жалғыз батып кетті. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Талғат Исламұлы

Хабар 24 телеарнасы