417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда үш мың төсекке шақталған провизорлық орын әзірленеді

  • 144
Павлодарда үш мың төсекке шақталған провизорлық орын әзірленеді

 

Олардың жалпы саны 2500-ге жетеді. Резервті госпитальдер спорт нысандары, шипажайлар мен өзге де мекемелердің жанынан жасақталып жатыр.

Мәселен, «Баянтау» спорт сарайында 230 орындық резервті провизор құрылады. Қазіргі уақытта қажетті жиһаз тасымалданып жатыр. Өткен аптада аймақтағы жағдай күрделене түсті. Пневмонияға шалдыққандар саны көбейген сайын төсек-орын қатары да ұлғайды. Уақытша емдеу мекемелерін мамандармен қамту мәселесі облыс деңгейінде шешіледі. Тұрғындардың сұрақтарына толыққанды жауап беру мақсатында бірыңғай 109 қызметі мамандарының қатарына дәрігерлер қосылады.

Асқар Ғазизов, облыс әкімдігі баспасөз қызметінің маманы:

- Провизорлық стационарлар көбейген сайын медициналық кадрлармен қамту мәселесінің өзектілігі арта түсуде. Қазіргі уақытта облыстағы түрлі стационарларда 1193 медицина қызметкері жұмыс істеуде. Олардың 763-і провизорлық орындарда. Облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасының басшылығына жұмысқа студент-дәрігерлерді, волонтерлерді, денсаулық сақтау ардагерлерін тарту мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы